"Жақсарту үшін өзгерту" атты конкурс

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өткізген мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша үздік ұсынысқа «Жақсарту үшін өзгерту» конкурсында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А. Әбдіқадырова жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруді жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ұсына отырып 1-ші орынды иеленді.

Қазақ

Гигиеналық құралдар бойынша ақпарат

Оңалтудың жеке бағдарламасы әрі қарай (ОЖБ) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандарымен «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен (өзгерістер 29.07.2017ж жылы күшіне енді) реттелетін медициналық көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер негізінде әзірленеді.

         Мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар.

Қазақ

Ұзынкөл ауданында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес 2019 жылдың 19-20 қыркүйегінде Ұзынкөл ауданында мүгедектерге мемлекеттік қызметтердің барынша қол жетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында көшпелі отырыс өткізді. Орталық аудандық аурухананың базасында мүгедектікті, жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу (кәсіптік) дәрежесін белгілеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Қазақ

еGov.kz электрондық үкімет порталындағы «Бала туу» композиттік қызметі

*Онлайн-қызметті 2008 жылдың 1 маусымынан бастап некеге тұрған азаматтар ала алады.

*Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап әкелікті анықтау туралы жазба жасалған азаматтар ала алады.​

*Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап бала асырап алу туралы жазба жасалған азаматтар ала алады.​

*Онлайн-қызметті 2008 жылдың 1 маусымынан бастап некені бұзған азаматтар ала алады

Қазақ

«Мобильдік үкімет» mgov мобильдік қосымшасында қызметті алу үшін SIM-картаға ЭЦҚ

SIM-картаға ЭЦҚ алу үшін:

  1. Ұялы байланыс операторларынан ЭЦҚ жазу мүмкіндігі бар SIM-картаны сатып алу.
  2. ЭЦҚ генерациясына өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалына өту.
  3. Нұсқауларды орындау арқылы телефоныңызда баптау.

Пайдаланушының ЭЦҚ оның SIM-картасына байланысты болады. Басты артықшылығы-оңай пайдалану және ұтқырлық. Сұранысты растау үшін пайдаланушыға мәтіндік хабарларды жіберуге болатын ең қарапайым телефон қажет болады.

Қазақ

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 28 тамызда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысын өткізді, оның міндеттері халықты қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.  

Қазақ

«Мобильдік үкімет» mgov мобильдік қосымшасын пайдалану бойынша нұсқаулық

«Мобильдік үкімет» жобасы аясында mgov мобильдік қосымшасы жасап шығарылды. Қосымша Android, iOS базасындағы Android, iOS базасындағы смартфондарға ие пайдаланушылар үшін Google Play, App Store онлайн-дүкендерінде келесі сілтемелер бойынша қол жетімді:  

Мобильді қосымшаны Мобильдік үкіметте тіркелген ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильдік үкіметте тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтуге болады:

Қазақ

Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»                                    ҚР Заңының 50 бабында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар анық белгіленген, өз қызметінде оларды жасауға жол бермеу үшін әрбір мемлекеттік қызметші білуі тиіс. Дискредитация (фр. сөзінен discréditer – «сенімді бұзу») – беделге, имиджге және сенімге нұқсан келтіруге бағытталған қасақана іс-әрекеттер.

Қазақ

Департамент «Digital chek» челленджге қатысты

2019 жылы 20 тамызда департаменттің қызметкері бөгде адамның көмегінсіз ең көп талап етілетін 3 анықтама алу жолымен өзін сандық құзыреттілікке сынады: мекенжай анықтамасы, соттылығының болуы/болмауы туралы анықтама, наркологиялық ұйымда есепте тұрмағаны/тұрғаны туралы анықтама.

Ол осы барлық анықтамаларды 5 минут ішінде департамент орналасқан ғимараттың 1 қабатында өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдалана отырып алды (Қасымқанов к-сі, 34). 

Қазақ

Департаментте Мемлекеттік қызметкер күнін атап өтті

2019 жылы 21 маусымда Департамент ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. А. Назарбаев халық пен мемлекетке қызмет ету бәрінен жоғары кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекеттік қызметті жаңғырту "Қазақстан – 2050" Стратегиясының басты басымдықтарының бірі болды, оны іске асырудың басты мақсаты ғасыр ортасында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру болып табылады.

Қазақ

Беттер