"Жақсарту үшін өзгерту" атты конкурс

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өткізген мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша үздік ұсынысқа «Жақсарту үшін өзгерту» конкурсында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А. Әбдіқадырова жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруді жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ұсына отырып 1-ші орынды иеленді.

Қазақ

Хабарландыру

2019 жылғы 21 тамыздан 20 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жариялаған,    «Жақсарту үшін өзгерту» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

Конкурстың мақсаты:

- көрсетілетін қызметті алушыларды, мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіруге тарту;

-  мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға халықтың сұранысын арттыру;

Қазақ

«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атты конкурс өткізеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атты конкурс өткізеді.

         Ағымдағы жылдың 1 қазанында конкурс бойынша онлайн дауыс беру басталды. 2018 жылдың 11 қазаны сағат 10.00-ге дейін онлайн дауыс беру қолжетімді болады.

         Онлайн дауыс беру конкурстың барлық номинациялары бойынша жүргізіледі, атап айтқанда: «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері» номинациясына №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Бокышева Жанар Боранбайқызы қатысады.    

Қазақ

«Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы өтеді

Қыркүйек айында «Ең үздік әдеп жөніндегі уәкіл» атты республикалық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады.

Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдептілік құндылықтарды насихаттау, әдеп жөніндегі уәкіл туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру болып табылады.

Конкурс қорытындысы бойынша марапаттау екі номинация бойынша болады: ол «Дербес лауазым атқаратын Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» және «Әдеп жөніндегі уәкіл функциясы жүктелген Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл». 

Қазақ

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

       Қостанайда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңін марапаттау рәсімі өтті.
      Қатысушы ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министірлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, қалалық және аудандық әкімдіктер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және іскерлік қауымдастық.
Қазақ