Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары

Медициналық - әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды арттыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында МӘС бөлімдерінің қызметкерлері Қостанай қаласының №5 емханасының, Әулиекөл және Таран ауданының орталық аудандық ауруханаларының қызметкерлерімен мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен уақытылы қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметтер порталын енгізу, сондай-ақ адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізделген жіберу ережесі бойынша кездесулер өткізді.

Қазақ

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы ресімдеу бойынша түсіндірме ақпарат

Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында №4 МӘС бөлімінің қызметкерлері ШЖҚ-ғы «Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасы» МКК және «Қостанай қ. №1 емханасы» КМК қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қатысушылардың назарына медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілген адамдардан мекенжай анықтамасын талап етуге жол бермеу туралы ақпарат жеткізілді.

Қазақ

ҮЕҰ-мен бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету механизміндегі өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Кеше облыстың ҮЕҰ-мен жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету тәсілдерін қайта қарау тәртібін талқылау бойынша кездесу өтті. Осы кездесуге Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков қатысты.

Қазақ

Қоғамдық бірлестіктермен кездесу

 Мүгедек - балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында ағымдағы жылы 28 маусымда медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары «Радуга» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді. «Қостанай облысы бойынша 2014-2018 жж. динамикадағы балалар мүгедектігінің жағдайы, мүгедектікке апаратын аурулардың алдын алу және қазіргі кезеңде мүгедек - балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданатын шаралар» тақырыбына баяндама ұсынылды.

Қазақ

Мәжіліс депутаттары Қостанай облысына барды

2019 жылы 3 мамырда департамент басшысы М.Т. Мұратбеков Мәжіліс депутаттары И.П. Ароновамен, А.К. Нуркинамен,                                                  Д.Н. Нұрманбетовамен, Г.К. Бижановамен, М.Б. Теміржановпен бірлесе №1 Рудный түзеу мектеп – интернатының ұжымымен кездесті. Мәжіліс депутаттары жергілікті кәсіпорындарда болды, жаңа заң жобалары, әлеуметтік бағдарламалар және жастарды қолдау туралы айтты, осы күндері Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен және жастарымен кездесулер өткізді.

Қазақ

Аймақтық емдеу мекемелерімен кездесу

Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 19 сәуірінде «Қостанай ОАА» МКК ұжымымен кездесу өткізді. Ауданда бастапқы мүгедектіктің жағдайы туралы мәлімет жеткізілді, 088/у нысанын толтыру бойынша ақаулар қаралды. Кездесу жемісті өтті, барлық қойылған сұрақтарға өз құзыреті шегінде жауаптар берілді.

Қазақ

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мамандарының қатысуымен семинар

2019 жылға арналған жұмыс жоспары аясында әдеп жөніндегі уәкіл  Ә.Р. Айтуарова 2019 жылы 10 сәуірде Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың ақпараттық - әдеби бөлімінің сектор меңгерушісі - Алексей Васильевич Олексюк  және прозаик ақын - Суслова Александра Ильинична Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Адам рухын дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

Қазақ

Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК қызметкерлерімен кеңес

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК базасында аутистік спектрі бұзылған балалар арасында мүгедектіктің өсуіне байланысты дәрігерлер семинары өткізілді, кеңес барысында №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова «Аутизм кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу жемісті, жан-жақты болды. Қатысушылар бүгінгі таңда өзекті сұрақтарға толық жауап алды.   

Қазақ

Департамент басшысы Елбасы жариялаған жастар жылы аясында «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары кәсіптік білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Қостанай филиалының студенттерімен кездесті

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. 2019 жылы 22 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ мен «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары кәсіптік білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Қостанай филиалының арасында жасалған ынтымақтастық және серіктестік қарым-қатынастар туралы меморандум аясында департамент басшысы М.Т. Мұратбеков, персоналды басқару жөніндегі бас маман - Ә.М. Қарымсақова, әдеп жөніндегі уәкіл - Ә.Р.

Қазақ

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі

2019 жылы 5 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті алушылармен кездесу өткізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама нормалары және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі түсіндірілді.

Қазақ

Беттер