«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, (110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көш., 34, 408 каб. анықтама үшін телефондар: 8(7142)-50-02-12, 50-04-17 (факс), электрондық мекенжайы: a.karymsakova@enbek.gov.kz барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды:  

 

1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Қостанай қ., лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты   109 898 теңгеден 148 301 теңгеге дейін.

 Функционалдық міндеттері:

МӘС бөлiмдерiнiң қорытындысына  шағымданған адамдарды куәландыру. Жеке оңалту бағдарламасын, статистикалық талондар мен басқа да құжаттарды әзірлеумен, мүгедектердi куәландыру актiлерiн ресiмдеумен, еңбекке жалпы және кәсіби жарамдылығын жоғалту дәрежесiн және мүгедектiк тобын, себептерiн анықтаудың дұрыстығын, нақтылығын бақылауды жүзеге асыру. Мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын сапалы қалыптастыру бойынша жұмыстар өткізу.  Мүгедектердi оңалту мен медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлеріне, МӘС бөлiмдерінің мамандарына кеңестік, әдiстемелiк көмек көрсету. Медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектіктің алдын алу мәселелері бойынша халық арасында, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  түсіндірме жұмыстарын өткізу. Денсаулық сақтау ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен мүгедектерге оңалту iс-шараларының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Департаментте және денсаулық сақтау  ұйымдарында мүгедектердi оңалту мен медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша семинар, кеңестердi ұйымдастыру мен өткiзу. Ф.7 жиынтық есебiн және басқа статистикалық есептерді қалыптастыру, ақпараттық-аналитикалық материалдарды әзiрлеу. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының  орындалуының тиімділігіне бақылауды жүзеге асыру. Мүгедектіктің құрылымы мен себептеріне, жай-күйіне мониторинг жүргізу. Жүктелген  лауазымдық міндеттеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) 

 

2. №6 медициналық – әлеуметтiк сараптама бөлімінің бас маманы,  С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны: Арқалық қ., лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты  83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Мүгедектiктiң басталу уақыты мен мерзiмiн, еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесiн, мүгедектiк тобын, себептерiн белгiлеу үшiн Амангелді мен Жангелді аудандарында және Арқалық қаласында барлық жас топтардағы аурулар мен мүгедектерді куәландыру. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде аурулар мен мүгедектерді қабылдау мен куәландыруды ұйымдастыру. Мүгедектерді оңалту бағдарламасын әзірлеу және түзету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту іс-шараларының түрін, нысанын, мерзімін және көлемін анықтау, оңалту іс-шараларының орындалуына үнемі бақылау және динамикалық байқау жүргізу, осы іс-шаралардың тиімділігін анықтау және олардың орындалуының тиімділігіне бақылау жасау. Ауру динамикасын талдау үшін медициналық құжаттарды зерделеу. Пациентті қарау мен медициналық құжаттарды зерделеудің негізінде ағзаның жай-күйін және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін бағалау. Денсаулық жағдайы нашарлаған кезінде бұрын мүгедектік  мерзімі белгіленген еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар мен мүгедектерді қайта куәландыру. Мүгедектік бойынша жәрдемақыны, еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда алғашқы мүгедек деп танылғандарға әлеуметтік төлемдерді тағайындауда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау.  Қосымша көмек түрлеріне және күтімге олармен еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым алған қызметкердің қажеттілігін анықтау. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуына динамикалық бақылау үшін мүгедектерге куәландыру жүргізу. МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына кеңестік, әдiстемелiк көмек көрсету. Мүгедектердің орталықтандырылған мәліметтер базасын сапалы қалыптастыру жұмысын жүргізу. Халық арасында және ұйымдарда мүгедектіктің алдын-алу, мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын жүргізу.  Заманауи, ғылыми жұмыс практикасына қағидаттар мен әдістерді енгізу, сонымен қатар озат тәжірибені жинақтау, тарату және МӘС мен мүгедектерді оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу. ҚР Президентінің Жарлығын, заңнамалық актілерінің, Үкіметтің Қаулылары мен өкімдерінің, Министрдің бұйрықтарының, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарының, Министрлік, Комитет, Департамент басшылығының өкімдерінің  уақытылы орындалуын ұйымдастыру. Азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне белгіленген тәртіпте жауаптарды дайындау және қарау. Бөлімде іс-қағаздарын жүргізу. Әскери міндеттілерді және әскерге шақыру жасындағы адамдарды мүгедек деп тану туралы мәліметті жергілікті әскери басқару органдарына ұсыну.     

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (мейірбике ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициалық-профилактикалық ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология), білім (педагогика және психология, дефектология).

 

С-О-4 санаты бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын  біліктілік талаптары:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Осы санаттағы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

С-О-5 санаты бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын  біліктілік талаптары:

-жоғары білім;

-мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

-жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы              № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (әрі қарай – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар:

  1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;

   2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандитаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде  Қостанай қ. Қасымқанов к. 34 мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан  Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Тіркелу үшін тұлғалар «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін,  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

28.03.2019 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

      Мені________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мекенжайы және байланыс телефоны___________________________________

      ____________________________________________________________________

   

 

   ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 "___"_______________ 20 __ ж.