Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау

 

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Агенттік және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру:

        1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

      1) «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысқан адамдардың құжаттарын қабылдау аяқталған сәттен бастап әңгімелесуді өткізгенге дейін – 38 жұмыс күнi ішінде. Әңгімелесуді өткізу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы белгілейді;

       Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны: электрондық және/немесе қағаз түрінде.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесi – Агенттіктің кадр резервіне алу туралы бұйрығынан үзінді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

        Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесдемалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

      Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтiнiш;

      жеке куәлік (сәйкестендіру үшін қажет);

      бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі;

      осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне үміткердің қызметтік тізімі;

      «А» корпусының кадр резервіне үміткерді ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат. Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

      өмірбаян;

     Ұлттық комиссияның шешімімен белгіленетін құжаттар.

      Порталға жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

     мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда, қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

     қызметтік тізімнің электрондық көшірмесі;

     еңбек қызметiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      ұсынымхаттың электрондық көшірмесі;

      өмірбаянның электрондық көшірмесі.

     Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

       Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Агенттік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

      Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ

 

 

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау

 

 

 

 

 

 

 

www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2018