2019 жылғы 14 қарашада «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасының іске асырылуын бақылау шеңберінде партияның Қостанай облыстық филиалы дөңгелек үстел өткізді, оған департамент басшысы                                  М.Т. Мұратбеков қатысты. Дөңгелек үстелде «Бақытты отбасы» жобасының іске асырылуы, проблемалық мәселелерді анықтау, сондай-ақ жобаны іске асыру тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу талқыланды.

18.11.2019 - 06:59
Өзгертілді: 18.11.2019 - 06:59

2019 жылғы 15 қарашада әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған пікірталас алаңының жұмысына қатысты.

15.11.2019 - 13:59
Өзгертілді: 15.11.2019 - 13:59

2019 жылғы 13 қарашада ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер және төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу бойынша №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б. Д. Сұлтанова «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №27 бөбекжай-бақшасы» МКҚК еңбек ұжымына кездесу өткізді. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.   

14.11.2019 - 06:20
Өзгертілді: 14.11.2019 - 06:26

Беттер