2019 жылғы бірінші жартыжылдықта жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2019 жылғы  бірінші жартыжылдықта Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 875 (2018 ж. бірінші жартыжылдықта – 1280) өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 235 (268) жеке тұлғалардың, 532 (647) заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 108 (365) өтініштер.   

Өтінішпен-304, сұрау салумен-546, шағыммен-24, ұсыныстармен-1 адам жүгінді.

Азаматтардың хаттарында белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділік тұрғысынан нысандарды тексеру, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

         Өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

45 әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, қызметтер;

461 зейнетақы және жәрдемақы мәселесі бойынша;

122 мүгедектік тобын қайта қарау және мүгедектігі бойынша растау - анықтамасын беру мәселесі бойынша;

240 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;

7 өзге де мәселелер.

         Жалпы түскен өтініштердің санынан - 112 өтініш зейнеткерлерден,  56 ресми мүгедектерден, 117 ҚР азаматтарынан, 14 шетелдік азаматтардан, 7 қамқоршыдан, 4 адвокаттан, 8 сотталғаннан, 2 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен,  кәсіпорындар мен ұйымдардан, 3 ұжымның өтініші, 17 жұмыссыздардан, 10 кәсіпкерлерден, 1 көп балалылардан, 1 жасырын, 4 үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдардан, одақтардан, 1 БАҚ-нан, 1 мемлекеттік қызметшінің өтініші,  1 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаның өтініші және 516 шетелдік ұйымдар мен компаниялардан келіп түсті. 

Барлық өтініштер уақтылы қаралды, ал азаматтар мен заңды тұлғалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде толық жауаптар алды.