2019 жылға жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2019 жылға Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 2054 (2018 ж. – 2447) өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 454 (637) жеке тұлғалардың, 1252 (1205) заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 348 (605) өтініштер.   

Өтінішпен-765, сұрау салумен-1250, шағыммен-38, ұсыныстармен-1 адам жүгінді.

Азаматтардың хаттарында белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділік тұрғысынан нысандарды тексеру, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

    2054 өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

1102 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша;

198 мүгедектік мәселесі бойынша;

12 мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау мәселесі бойынша;

359 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;

383 өзге де мәселелер.

          Жалпы түскен өтініштердің санынан - 341 өтініш зейнеткерлерден,                         99 мүгедектігі бар азаматтардан, 21 шетелдік азаматтардан, 9 қамқоршыдан, 8 адвокаттан, 12 сотталғаннан, 5 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен,  кәсіпорындар мен ұйымдардан, 3 ұжымның өтініші, 24 жұмыссыздардан, 12 кәсіпкерлерден, 8 көп балалы отбасылардан, 1 жасырын, 7 үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдардан, одақтардан, 1 БАҚ-нан, 1 мемлекеттік қызметшінің өтініші,  4 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаның өтініші, 1240 шетелдік ұйымдар мен компаниялардан, 258 өзгеде арыздар келіп түсті. 

 

Барлық өтініштер уақтылы қаралды, ал азаматтар мен заңды тұлғалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде толық жауаптар алды.