2019 жылдың 9 айына жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2019 жылдың 9 айында Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 1287 (2018 ж. 9 айы – 1876) өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 339 (439) жеке тұлғалардың, 772 (961) заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 176 (476) өтініштер.   

Өтінішпен-461, сұрау салумен-788, шағыммен-36, ұсыныстармен-2 адам жүгінді.

Азаматтардың өтініштерінде белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділік тұрғысынан нысандарды тексеру, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

Қаралған мәселелердің сипатына қарай 1287 өтініштің ішінен өтініштер шартты түрде мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

696 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша;

184 мүгедектік мәселесі бойынша;

11 мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша;

359 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;

37 өзге де мәселелер.

          Жалпы түскен өтініштердің санынан - 140 өтініш зейнеткерлерден,                         83 мүгедектігі бар адамдардан, 15 шетелдік азаматтардан, 8 қамқоршыдан, 5 адвокаттан, 9 сотталғаннан, 4 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен, кәсіпорындар мен ұйымдардан, 3 ұжымның өтініші, 24 жұмыссыздардан, 12 кәсіпкерлерден, 5 көп балалылардан, 1 жасырын, 7 үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдардан, одақтардан, 1 БАҚ-нан, 1 мемлекеттік қызметшінің өтініші,  4 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаның өтініші, 749 шетелдік ұйымдар мен компаниялардан, 216 басқа өтініш берушілерден келіп түсті. 

 

Барлық өтініштер уақтылы қаралды, ал азаматтар мен заңды тұлғалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде толық жауаптар алды.