2019 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2019 жылдың 1 тоқсанында Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 432 (2018 ж. 1 тоқсан – 624) өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 113 (129) жеке тұлғалардың, 249 (260) заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 70 (235) өтініштер.   

Өтінішпен-167, сұрау салумен-252, шағыммен-12, ұсыныстармен-1 адам жүгінді.

Азаматтардың хаттарында белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділік тұрғысынан нысандарды тексеру, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

          Өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

13 әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, қызметтер;

243 зейнетақы және жәрдемақы мәселесі бойынша;

61 мүгедектік тобын қайта қарау және мүгедектігі бойынша растау - анықтамасын беру мәселесі бойынша;

109 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;

6 өзге де мәселелер.

          Жалпы түскен өтініштердің санынан - 79 өтініш зейнеткерлерден,                         30 ресми мүгедектерден, 44 ҚР азаматтарынан, 7 шетелдік азаматтардан, 4 қамқоршыдан, 2 адвокаттан, 1 сотталғаннан, 2 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен,  1 ұжымның өтініші, 11 жұмыссыздардан, 3 кәсіпкерлерден, 1 мемлекеттік қызметшінің өтініші және 247 шетелдік ұйымдардан келіп түсті. 

 

Барлық өтініштер уақытылы қаралды, ал азаматтар мен заңды тұлғалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде толық жауаптар алды.