2018 жылға жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2018 жылға Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 2447 жазбаша өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 637 жеке тұлғалардың, 1205 заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 605 өтініштер.   

         Азаматтардың өтініштерінде көрсетілген ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

         Өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  • 86 әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша, қызметтер;
  • 1201 зейнетақы және жәрдемақы мәселесі бойынша;
  • 402 мүгедектік тобын қайта қарау және мүгедектігі бойынша растау - анықтамасын беру мәселесі бойынша;
  • 728 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;
  • 30 өзге де мәселелер.

Өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша заңмен белгіленген мерзімде өтініш берушілерге жауаптар мен түсіндірулер жолданды. 

         Жалпы түскен өтініштердің санынан - 572 өтініш зейнеткерлерден,                         253 ресми мүгедектерден, 2 бала-мүгедектен, 287 ҚР азаматтарынан, 31 шетелдік азаматтардан, 10 қамқоршыдан, 12 адвокаттан, 30 сотталғаннан, 18 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен, 2 көпбалалыдан, 1 бұқаралық ақпарат құралдары үндеуінен, 8 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан, 6 ұжымның өтініші, 32 жұмыссыздардан, 4 кәсіпкерлерден, 2 мемлекеттік мекемелерден, 3 мемлекеттік қызметшілерден, 1 үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдардың, одақтардың, қауымдастықтарынан және 1173 шетелдік ұйымдардан келіп түсті.