2018 жылдың 9 айына жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2018 жылдың 9 айына Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 1876 жазбаша өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 439 жеке тұлғалардың, 961 заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 476 өтініштер.   

         Азаматтардың хаттарында белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

         Өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  • 55 қызметтерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша;
  • 927 зейнетақы және жәрдемақы мәселесі бойынша;
  • 294 мүгедектік тобын қайта қарау және мүгедектігі бойынша растау - анықтамасын беру мәселесі бойынша;
  • 575 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;
  • 25 өзге де мәселелер.

Өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша заңмен белгіленген мерзімде өтініш берушілерге жауаптар мен түсіндірулер жолданды. 

         Жалпы түскен өтініштердің санынан - 425 өтініш зейнеткерлерден,                         192 ресми мүгедектерден, 2 бала-мүгедектен, 210 ҚР азаматтарынан, 21 шетелдік азаматтардан, 7 қамқоршыдан, 9 адвокаттан, 20 сотталғаннан, 14 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен, 2 көпбалалыдан, 1 бұқаралық ақпарат құралдары үндеуінен, 5 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан, 4 ұжымның өтініші, 22 жұмыссыздардан, 2 кәсіпкерлерден. 1 мемлекеттік мекеменің өтініші және 939 шетелдік ұйымдардан келіп түсті.