2018 жылдың 1 тоқсанына арналған жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2018 жылдың 1 тоқсанына Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 389 жазбаша өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 129 жеке тұлғалардың және 260 заңды тұлғалардың өтініштері. Азаматтардың хаттарында белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

Өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  • 11 қызметтерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша;
  • 153 зейнетақы және жәрдемақы мәселесі бойынша;
  • 67 мүгедектік тобын қайта қарау және мүгедектігі бойынша растау - анықтамасын беру мәселесі бойынша;
  • 143 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;
  • 15 өзге де мәселелер.

Өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша заңмен белгіленген мерзімде өтініш берушілерге жауаптар мен түсіндірулер жолданды.

Жалпы түскен өтініштердің санынан - 23 өтініш зейнеткерлерден, 49 ресми мүгедектерден, 1 бала-мүгедектен, 32 ҚР азаматтарынан, 5 шетелдік азаматтардан, 3 қамқоршыдан, 5 адвокаттан, 10 сотталғаннан, 3 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен, 1 көпбалалыдан, 1 бұқаралық ақпарат құралдары үндеуінен, 3 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және 253 шетелдік ұйымдардан келіп түсті.