2018 жылдың бірінші жартыжылдығына жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаментке жеке және заңды тұлғалардың 1280 жазбаша өтініштері келіп түсті. Оның ішінде 268 жеке тұлғалардың, 647 заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері және жеке қабылдауда 365 өтініштер.   

         Азаматтардың хаттарында белгіленген соның ішінде ең өзекті мәселелер: зейнетақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектік тобын растау туралы, мүгедектік тобын қайта қарау, құрылыс салуға жобаларды келісу және/немесе ғимараттарды қайта қалпына келтіру және шетелдік ұйымдардың/шетелдік азаматтардың жұмыс өтілі, еңбекақы және зейнетақымен қамтамасыз етуге аударымдар туралы мұрағаттық құжаттарды сұратулары.

         Өтініштерде қарастырылған мәселелердің сипатына қарай шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  • 27 қызметтерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша;
  • 641 зейнетақы және жәрдемақы мәселесі бойынша;
  • 204 мүгедектік тобын қайта қарау және мүгедектігі бойынша растау - анықтамасын беру мәселесі бойынша;
  • 385 мұрағаттық құжаттар бойынша сұрау салулар;
  • 23 өзге де мәселелер.

Өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша заңмен белгіленген мерзімде өтініш берушілерге жауаптар мен түсіндірулер жолданды. 

         Жалпы түскен өтініштердің санынан - 308 өтініш зейнеткерлерден,                         136 ресми мүгедектерден, 2 бала-мүгедектен, 127 ҚР азаматтарынан, 13 шетелдік азаматтардан, 3 қамқоршыдан, 6 адвокаттан, 16 сотталғаннан, 8 жеке кәсіпкерлік субьектілерінен, 1 көпбалалыдан, 1 бұқаралық ақпарат құралдары үндеуінен, 5 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан, 1 ұжымның өтініші, 20 жұмыссыздардан, 2 кәсіпкерлерден және 631 шетелдік ұйымдардан келіп түсті.