Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары

Медициналық - әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды арттыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында МӘС бөлімдерінің қызметкерлері Қостанай қаласының №5 емханасының, Әулиекөл және Таран ауданының орталық аудандық ауруханаларының қызметкерлерімен мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен уақытылы қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметтер порталын енгізу, сондай-ақ адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізделген жіберу ережесі бойынша кездесулер өткізді. Бұдан басқа, медициналық ұйымдардың қызметкерлері медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілетін адамдардан мекенжай анықтамасын талап етуге жол бермеу туралы ақпараттандырылды.

Қазақ