Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы істі қарау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар) берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін Қостанай облысы  әкімдігі мәдениет басқармасының «Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Сот отырысы барысында Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК-да "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарымның орындалмағаны анықталды.

         Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 2020 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 185 570 теңге (жүз сексен бес мың бес жүз жетпіс) теңге мөлшерінде айыппұл салынды.