Сот практикасы

Қостанай облысының соттарында мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар) берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қаралды.

        "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының талаптарын сақтамаудан көрініс тапқан "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ нұсқамаларының орындалмауы:

         - Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

           1. Сарыкөл аудандық сотының 2020 жылғы 31 қаңтардағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысымен "Сарыкөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және мемлекет кірісіне 176750 (бір жүз жетпіс алты мың жеті жүз елу) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде өндіріп алуға ұшырады.  

        2. Науырзым аудандық сотының 2020 жылғы 29 қаңтардағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысымен "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қосымша жаза қолданбай, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 176750 теңге сомасында айыппұл салынды.

      3. Қостанай қ. мамандандырылған әкімшілік соттың 2020 жылғы 05 ақпандағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысымен "Ұлттық компания "Қазақстан темір жолы" – Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" акционерлік қоғамының филиалы ҚР ӘҚБтК-тің 462 баб. 3 б. көзделген, құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 1325500 (бір миллион үш жүз жиырма бес мың бес жүз) теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.