Сот практикасы

2019 жылы 30 желтоқсанда Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында сот отырысында «Қазпошта» АҚ қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 83 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы                            3-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының байланыс бөлімшелерінде Қазпошта АҚ Қостанай облыстық филиалымен қамтамасыз етпеу арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 83-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Жоғарыда жазылғанның негізінде сот қаулысымен «Қазпошта» акционерлік қоғамы ҚР ӘҚБтК-тің 83 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды және мемлекет кірісіне 1 515 000 (бір миллион бес жүз он бес мың) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.