Оралмандарға берілетін көмек туралы

Қайырлы күн, жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, көкейде жүрген бір сұрағымды қойғым келген еді. Мен Қазақстан Республикасына 2015 жылы Өзбекстан Республикасынан тұрақты тұруға жалғыз көшіп келгенмін. Көшіп келер кезімде барлығы секілді жүк салып оның құжаттарын ресімдедім (құжаттары бар). Сол жылы маған зейнетақы тағайындалып, бүгінгі күнде зейнетақы алып жүрмін. Қолымда оралман куәлігім де бар. Ағымдағы жылы қыркүйек айында ҚР азаматтығына құжат тапсырған болатынмын, бірақ әлі алғаным жоқ. Сол жерде, яғни көші-қон полициясы бөлімшесінде отырып, көптеген оралмандардың мемлекет тарапынан көмек алып жатқаны жайлы естідім. Мен ҚР аумағына келгелі бері мемлекет тарапынан ешбір көмек алған емеспін. Сіздерден сұрайын дегенім, маған зейнеткер оралман ретінде мемлекет тарапынан қандай да бір көмек қарастырылған ба және болса ол қандай? Жауаптарыңыз үшін алдын ала рахмет!

Ответ: 

Без Ответа