Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға (С-О-5 санаты) жалпы конкурстың үміткерлерін іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы

2019 жылы 25 қазанда  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде (әрі қарай-Департамент) Департаменттің әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жалпы конкурстың үміткерлерін іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті,  №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты-1 бірлік, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы-1 бірлік, қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, 16.02.2021 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне-1 бірлік.

Ұсынылған құжаттардың және техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеліп өткізілген әңгімелесудің нәтижелерінің негізінде, сонымен қатар ашық дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия ШЕШТІ:

Ұсынылсын:

  1. Қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік лауазымына, 16.02.2021 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне (С-О-5)-1 бірлік, Омарбекова Айсауле Айбекқызы қабылдансын.
  2. Конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың болмауына байланысты халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік лауазымы бойынша жалпы конкурс өткізу (С-О-5) – 1 бірлік.
  3. №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы лауазымына үміткерлердің болмауына байланысты, С-О-5 санаты – 1 бірлік осы бос орын бойынша жалпы конкурс өткізілсін.