Емдеу мекемесінің ұжымымен кездесу

Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықтың ақпараттылығын арттыру мақсатында №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылы 12 шілдеде «Қостанай қаласының №2  емханасы» МКК-ның ұжымымен кездесу өткізді. Бастапқы мүгедектік жағдайы туралы мәлімет жеткізілді, жолдама құжаттарды толтыру бойынша ақаулар қаралды. Кездесу жемісті өтті, барлық қойылған сұрақтарға өз құзыреті шегінде жауаптар берілді. Емдеу мекемесінің ақпараттық стендінде балалар аурулары бойынша ақпарат орналастырылған. Қызметкерлерге тақырып бойынша кітапшалар ұсынылды:

1.18 жасқа дейінгі балаларды куәландыру және қайта куәландыру тәртібі.

2. Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың ата-аналарының іс-қимыл алгоритмі.

Қазақ