Борыш жүктемесін азайту туралы

  • 1. Кім борыш жүктемесін азайтуға құқылы.

Төменде көрсетілген санаттағы борышкер азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін азайтуға құқығы бар (2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша):

  1. көпбалалы отбасылар.
  2. асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлемдер алатын отбасылар.
  3. мүгедек балалары бар және 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар.
  4. атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар.
  5. жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

 

• 2. Тұтынушылық кредитті өтеу шарттары

Біріншіден, тұтынушылық қарыздардың барлық шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс. Несие банкте немесе микроқаржы ұйымында ресімделуі тиіс (коллекторлық компанияларға берілген несиелер қайтарылмайды).  

Екіншіден, бір қарыз алушыға қарыздың жалпы сомасының 300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтеледі.

Мысалы, АӘК алатын отбасында отбасы мүшесінің  біреуіне ресімделген жалпы сомасы 2,5 миллион теңге мөлшерінде екі тұтынушылық кредиті бар. Бұл жағдайда екі кредит бойынша жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейінгі берешек өтелетін болады.

Егер отбасының бірнеше мүшесінде кредит болса, яғни қарыз шарттары әрқайсысына бөлек жасалса, онда берешекті өтеу әрбір қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы, егер отбасының екі мүшесіне екі кредит ресімделген болса, онда әрбір қарыз шарты бойынша олар 300 мың теңгеге дейін өтеуге құқылы. Яғни, берешекті өтеудің жалпы сомасы отбасының екі мүшесіне 600 мың теңгені құрайды.

Аталған акция мемлекет тарапынан бір реттік сипатқа ие.

  • 3. Борыш жүктемесі азайтылған адамдардың санатына жататынымды қалай білуге болады?

Борыштық жүктемені азайтуды қалайтын азаматтар өздерінің мәртебесін келесі түрде тексере алады:

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесі бойынша, ол үшін ЖСН енгізіп, сұрау жіберу керек;

- электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыштық жүктемені азайту бағдарламасына қатысу мәртебесін тексеру» электрондық қызметін пайдалану үшін электронды сандық қолтаңба және бір реттік пароль қажет;

- 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call -орталықтан кеңес алуға;

-  халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге.

Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, ҚР Еңбекмині халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.

Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзекті ақпаратты              Facebook-тегі (https://www.facebook.com/Всё-о-снижении-долговой-                                    нагрузки-103633851027565/) және     Instagram-дағы (https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk)                                     «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» аккаунттарында ала алады.

 

• 4. Егер азаматтар тізімде болмаса, олар не істеуі керек.

 

Туыстық қатынастарды байланыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша АХАЖ-ға келесі растайтын құжаттармен цифрлау үшін жүгіну қажет:

 

Көп балалы отбасылар үшін, егер неке 2008 жылға дейін тіркелген болса - куәлік, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі;

 

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын отбасылар үшін - жеке куәлік, неке туралы куәлік, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі;

 

Мүгедек балалары бар18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар - жеке куәлік, неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және т.б.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне төмендегі құжаттардың сканерлемесімен және қосымшасымен:

 

Жетім-балалар үшін - ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, туу туралы куәлік, жеке куәлік;

 

 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған балалар үшін – ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, қорғаншылықты белгілеу туралы құжат, туу туралы куәлік, жеке куәлік.

Қазақ