Аурудың салдарынан немесе денсаулыққа зиян келуінен дененің белгілі бір бөлігі немесе ағзаның бұзылуын немесе күші жойылған қызметтерінің орнын толтыру протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету.

Мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) негізінде протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі.

         Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер ОЖБ-ға сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс берушінің қаражаты есебiнен қамтамасыз етіледi.

         Жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.

         Мүгедектер шино-былғары протездермен, қазiргi заманғы технологиялар бойынша жасалған протездермен, салынатын құрылғылармен, таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен, емдеу белдіктермен,  кеуде безi протездермен, туторлармен, корсеттермен, реклинаторлармен, басұстағыштармен, бандаждармен, ортопедиялық аяқкиіммен, аппараттарға аяқ киіммен, сондай-ақ өзге протездiк-ортопедиялық құралдармен: жейде киюге арналған құрылғымен, колготки киюге арналған құрылғымен, шұлық киюге арналған құрылғымен, түйме тағуға арналған құрылғымен (ілмек), белсенді ұстағыш, ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағышпен, қақпақтарды ашуға арналған ұстағышпен, кілтке арналған ұстағышпен қамтамасыз етіледi.

Оңалтудың жеке бағдарламасы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен реттелген.  Протездік-ортопедиялық көмек ұсынуға ОЖБ-на ұсынымдар 1 Қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірленеді.  

Оңалту құралдардың атауы

Көрсетілімдер

Қарсы көрсетілімдер

1. Протездiк-ортопедиялық құралдар

1.1

кеуде бездерінің протездері

Кеуде безінің немесе мастэктомиядан кейін оның бөлігінің болмауы

Бұйымдар құрамына кіретін компоненттерді жеке көтере алмаушылық.
Операциядан кейінгі тыртық айналасындағы тері аурулары

1.2

аппараттар, туторлар

Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан қол-аяқтардың статодинамикалық функцияларының айқын немесе едәуір айқын бұзылуы кезінде буындарды фиксациялау қажеттілігі

Аяқтарға осьтік жүктеменің мүмкін еместігі кезінде, буындардың айқын білінетін сүйек-буын контрактуралары.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.3

балдақтар, таяқтар, жетек арбалар

Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан аяқтардың, жамбас пен омыртқаның, орталық, перифериялық нерв жүйесінің, статодинамикалық функцияларының бұзылуы, сондай-ақ қанайналымы жүйесі, тыныс алу органдары аурулары, несептік-жыныстық жүйе аурулары және зат алмасудың бұзылуы

Қолдардың статодинамикалық функцияларының едәуір айқын бұзылуы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.4

корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар

Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан омыртқаның статодинамикалық функцияларының бұзылуы

Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.5

бандаждар, емдік белбеулер

Аурулардың жарақаттардың, тірек-қимыл аппараттарының даму аномалиясы, қол-аяқ буындарының ауруы, әр жерде орналасқан грыжаның, ішперде қуысы ағзаларының төмен түсуі салдарынан организмнің статодинамикалық функцияларының бұзылуы

Қысылған, түзелмейтін грыжалар.
Бұйым жасалған материалдарды жеке көтере алмаушылық

1.6

балалардың профилактикалық шалбаршалары

Сәбилердің сан жамбас буынының дисплазиясы

 

1.7

жейде киюге арналған құрылғы

Ұсақ моториктердің бұзылуы, бір қолымен (ампутация, бір қолдың айқын білінетін парезі немесе плегиясы) манипуляция жасауға мәжбүр болу, қолдардың деформациясы (анкилоздар, буындардың контрактурасы, жалған буындар)

Екі қолдың жоғары параплегиясы, жоғары ампутациялық туқылы, вестибулярлы-мишықтық айқын бұзылуы және гиперкинетикалық бұзылу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.8

түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек)

1.9

колготки киюге арналған құрылғы

Екі колдың айқын білінетін тетрапарезі, трипарезі, төменгі параплегия, айқын гемипарезі; айқын парезі; бір қолдың айқын білінетін парезі; айқын білінетін амиостатикалық бұзушылықтар; протездерді пайдаланған кезде қолдардың ампутациялық тұқылдары, қолдардың деформациясы (анкилоздар, буындардың контрактуралары, жалған буындар).
Еңкиюге және аяқ басына қолын жеткізуге мүмкіндігінің болмауы

Екі қолдың жоғары параплегиясы, жоғары ампутациялық туқылы, вестибулярлы-мишықтық айқын бұзылуы және гиперкинетикалық бұзылу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.10

шұлық киюге арналған құрылғы

1.11

белсенді ұстағыш

Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан аяқтардың статодинамикалық функцияларының айқын, едәуір айқын бузылуы (кресло-арбаларды пайдалануға әкелетін)

Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық туқылы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.12

ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш

Бір қолдың ампутациясы, бір қолдың парезі немесе плегиясы.

Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық туқылы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.13

қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш

Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан статодинамикалық функцияларының орташа айқын, айқын, едәуір айқын бұзылуы (айқын, едәуір айқын білінетін трипарез; едәуір айқын білінетін гемипарез; екі қолдың айқын немесе орташа айқын парезі; бір қолдың орташа айқын білінетін парезінің екінші қолдың болмашы парезімен жанама болуы), қолдардың деформациясы (анкилоздар, буындардың контрактуралары, жалған буындар)

Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық туқылы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

1.14

кілтке арналған ұстағыш

Қол ұшы контрактурасы

Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық туқылы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық

Қазақ