«Тәртіптік теріс қылықтар және жауапкершілік: өткеннің тәжірибесі мен сабақтары» тақырыбына диалогтық алаң

2019 жылы 4 қазанда  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы бекіткен мемлекеттік қызметтегі қызметтік әдеп стандарттарын нығайту жөніндегі негізгі  іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова мемлекеттік қызмет көрсететін және қызмет алушылармен тікелей күн сайын байланыста болатын медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлері үшін «Тәртіптік теріс қылықтар» тақырыбында семинар өткізді.

Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалардың түрлері

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшіге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;
  • атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

      Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.

Тәртіптік жазаның түрі қалай анықталады?

Жаза жасалған теріс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның нысаны мен кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі тиіс болғандықтан, онда жаза түрін анықтау кезінде жиынтығында мынадай маңызды сәттер ескеріледі:

  • теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
  • теріс қылық жасалған мән-жайлар (оның жасалу уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары), мемлекеттік әкімшілік қызметшінің кінәсі;
  • жасалған теріс қылыққа әкеп соқтыратын немесе әкеп соғуы мүмкін теріс салдарлар;
    • оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы;
  • тиісті қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі;
    • мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жеке басын сипаттайтын өзге де жағдайлар.

Тәртіптік жаза қолдануға болатын мемлекеттік қызметшілердің теріс қылықтары мынадай түрлерге бөлінеді:

  • елеусіз;
  • елеулі;
  • өрескел.

 «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы ережесін бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес:

  • Тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметшi жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.
  • Алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылады.
  • Жасағаны үшiн қолданыстағы еңбек заңнамасына, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес негiздер бойынша қызметтен шығару көзделген теріс қылық не мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымын төмендету немесе қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi алынбаған жазасы бола тұра жасалған терiс қылық өрескел терiс қылық болып табылады, ол үшін атқаратын лауазымынан босату түрiндегi жаза қолданылады.
Қазақ