«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау

2019 жылы 22 тамызда сағат 10.00-де Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 111 мекенжайы бойынша «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде мемлекеттік органдардың қатысуымен құзыретті жауаптар мен консультациялар алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау өтеді, оған Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілі қатысады.

Осыған байланысты, Сізді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

 

 

Қазақ