«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Департамент қызметкерлерінің қатысуы

           Қазақстанда 2019 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды.  Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету.

Департамент қызметкерлері 11 жыл бойы жетім балаларға, көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсете отырып, «Мектепке жол» акциясына жыл сайын қатысуда. Осы жылы көп балалы отбасынан шыққан Қостанай қаласының №18 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Виктория Геннадьевна Прадийге оқу жылына дайындыққа 25 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Мұндай акцияның қажеттілігіне жыл сайын көзіміз жетуде. Баланың мектепке деген «жолы» тек қуанышпен, қызықпен, жүзіндегі күлкімен жалғасуы тиіс. Біз, ересектер, осы «жолдың» осындай болуына барлық жағдайды істеуіміз қажет.

Әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балаларға мектепке дайындауға атаулы көмек көрсетуге азаматтық белсенділік танытып, әр балаға қамқорлық пен көңіл бөліп, оның мектепке деген жолы ең жақсы және бақытты болуына үлесімізді қосуымыз керек.

Қазақ