«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2019 жылғы 4 тоқсанға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарын орындау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде, шешімдер мен алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді талап ететін проблемалардың Стратегиясында айтылған ағымдағы жағдайды талдауды ескере отырып және 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-тоқсанда келесі іс-шаралар өткізілді.

         Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 4 бабының 4) және 7) тармақшаларына сәйкес Департамент мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығы қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік сатып алу туралы толық ақпараты мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.

     2019 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезіндегі заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түскен жоқ.

         2019 жылға арналған құқықтық білім мектебінің бекітілген жоспарына сәйкес 4-тоқсанда Департамент қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қарастырылды.

         Департаменттің мемлекеттік қызметшілері үшін құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.11.2019 жылғы Заңын түсіндіру бойынша семинар-кеңесте «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы         іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ басшысының бірінші орынбасары сөз сөйледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты заңнама өзгерістері мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері сөз сөйледі.

         2019 жылдың 4-тоқсанында мүгедектік тобын белгілеу және қайта куәландыру бойынша азаматтардың көрсетілген мемлекеттік қызметке қанағаттануын анықтау үшін 98 қызмет алушыға жасырын сауалнама жүргізілді. Көрсетілген мемлекеттік қызмет үшін ақша қаражатын бопсалау немесе өзге де көтермелеу фактілерінің нәтижелері анықталған жоқ. Мүгедектік тобын белгілеу және қайта куәландыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасы азаматтар арасында сауалнама жүргізу арқылы нәтижелері толық көлемде қанағаттандырады. Департаменттің сайтында және мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызметкерлер қызмет бабымен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдауға үзілді-кесілді тыйым салу туралы жадынамалар орналастырылған.

         Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Белгіленген мерзімдерді бұза отырып мемлекеттік қызмет көрсету фактілері жоқ.

          Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын білуге тестілеу өткізілді.

         Тексеру жүргізу кезінде барлық қабылданған шешімдер мен анықталған ескертулер міндетті түрде фототүсірілім құралдарының көмегімен тіркеледі.

         Тексеру нәтижелері ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ тиісті ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Әкімшілік істерді қарау кезінде тексерілетін субъектілер тарапынан мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне шағым түскен жоқ.

         Департаментте заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін, ресми сайт бар. Сайтта күнделікті Департаменттің жүргізіп отырған жұмысымен халықты таныстыру үшін жаңалықтар таспасы жарияланады.

         Департаменттің сайтында «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық стандарттары мен регламенттері орналастырылған. Сондай-ақ департамент басшылығының байланысымен ақпарат орналастырылды, 2019 жылдың 4 тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды.

         Департамент қызметін жариялау аясында аккаунттар және әлеуметтік желілер белсенді қолданылады: «В Контакте», «Facebook», «Yvision», онда халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

         Есепті кезеңде Департамент қызметкерлерінің әрекеттеріне сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпарат түскен жоқ. Тоқсан сайын облыстық газетте және бұқаралық ақпарат құралдарында Департамент басшылығының сенім телефоны және ауызша қабылдау кестесі жарияланады.

         Мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы фактілер Департаментте есепті кезеңде тіркелген жоқ.

         2019 жылдың 4 тоқсанында белгіленген стационарлық жәшікке Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің заңға қайшы әрекеттеріне шағым түскен жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық бөлімдерде және Департаменттің дәліздерінде қызметкерлермен үнемі профилактикалық әңгімелесуден басқа бейнебақылау камералары орнатылған, Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды жүргізуге уәкілетті тұлғалар, атап айтқанда заң кеңесшісі және әдеп жөніндегі уәкіл жүйелі негізде жүргізілетін жұмысты бағалау үшін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бөлімдерде іріктеліп қатысады.

          Мониторинг барысында мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметте шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы тұрғысынан анықталған жоқ.

         Мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтау мәселелері Департамент басшылығы мен әдеп жөніндегі уәкілдің қатаң бақылауында.

                  Қостанай облысы соттарында ар-намысты және қадір-қасиетін қорғау бойынша талап-арыздар қарастырылмады.

         2019 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.