«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы

Денисов аудандық сотта «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ-не қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар) берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»  ҚР Заңының 25 бабы талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманы орындамау анықталды.

Денисов аудандық сотының 2020 жылғы 12 ақпандағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысымен «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 462 бабының 3 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және мемлекет кірісіне 185 570 (жүз сексен бес мың бес жүз жетпіс) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде өндіріп алуға ұшырады.